
27 наурыз күні "Оңтүстік" Мемлекеттік кірістер басқармасы, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Әділет басқармасымен бірлесіп, «Оңтүстік» Арнайы экономикалық аймағында орналасқан «ПК»АГФ групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Бал Текстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысшылары арасында Елбасы Н.Назарбаевтың 31 қаңтар 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауы және ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында «Оңтүстік» Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Н.Балғабеков, Елбасы Н.Назарбаевтың кезекті жарияланған Жолдауымен таныстырып, оның айрықша маңыздылығына тоқталып, Жолдаудағы міндеттерді іске асыру үшін бірлесіп атсалысуға шақырды.
Сонымен қатар, Еңбекші ауданы бойынша Әділет басқармасының басшысы Д.Ботан ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
ОҚО бойынша МКД «Оңтүстік» Мемлекеттік кірістер басқармасы