Жарияланған күні: 05.12.2022 16:18
Өзгертілген күні: 05.12.2022 16:20
 Әр түрлі номинациядағы үздіктер бизнес-қауымдастықтың «жасырын тұтынушы» тәсілімен таңдалған.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті “ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ - 2022” номинациясын иеленіп, Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Аманбаева Жанат Абдукаримовна дипломмен марапатталды.

ҚР Қаржы Вице-министрі Е.Е.Біржанов, ҚР ҚМ МКК Төрағасының орынбасары А.С.Панбаев және «Учет.кз» компаниялар тобының негізін қалаушы М.А. Барышев жеңімпаздарға дипломдарды табыстады.

«Налоги Казахстана» ЗТБ Қауымдастығы мен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға өз алғысымызды білдіреміз.

Түркістан облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті.