Жарияланған күні: 05.12.2022 17:56
Өзгертілген күні: 05.12.2022 17:57

Кентау қаласы Ә.Молдағұлова атындағы 19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінде 23.09.2022 жылы жаңа форматта жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Өзін-өзі басқару ұйымындағы оқушылар "Салық-халық қазынасы" тақырыбында өз ой-пікірлерін білдірді.Жалпы салық деген не?салық түрлері,оны қалай ,қайда төлеуге болатындығы жайлы ақпарат беріп өтті.Жер, мүлік салықтарын ағымдағы жылдың 1қазанына дейін төлеуге шақырды.Түркістан облысы кірістер департаментінің мамандары арнайы осы жиналысқа қатысып,көпшілік назарына бейнероликтер көрсетіп және буклеттер таратты. Мектеп оқушыларына іс-шараға белсенділік танытқаны үшін арнайы алып келген сый-сыяпаттарын тапсырды.Ата-аналар қауымы ризашылығын білдіріп бірауыздан мүлік салығын мерзімінде төлейтіндігін жеткізді.