
2023 жылы 14 тамызда Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлкеттік кірістер органдарының құрылу күні мерекесіне орай салық және кеден саласының қызметкерлеріне салтанатты түрде мерекелік іс-шара өткізді.
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Нурахаев Мақсат Екматқүлұлы, кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтап, еңбекте мол табыс, өсіп-өркендеу мен денсаулық тіледі. Ел қазынасы үшін жұмыс атқарып жатқан әрбір қызметкерге алғысын айтты.
Мемлекет игілігі үшін орасан зор қызмет атқарған қызмкеткерлері ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ және төс белгімен марапатталды.