
Мемлекеттiк баж сомасын қайтару бойынша.
Салық органдары мемлекеттік баж сомаларын қайтаруды салық төлеуші ұсынған салықтық өтініштің және тиісті мемлекеттік органның қайтарудың дұрыстығын растайтын құжатының негізінде жүргізеді.
Мемлекеттік баж сомасын қайтаруды оның төленген жері бойынша салық органдары қайтаруға арналған салықтық өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік баж сомасы есепке жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан салық төлеушінің банктік шотына қайтарылады.
Салықтық өтініш «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» ҚР ҚМ 2018 жылғы 12 ақпандағы №160 бұйрығына 15-қосымшасына сәйкес толтырылады.
"Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу" бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін салықтық өтінішті Мемлекеттік корпорация арқылы, сондай-ақ www.egov.kz "электрондық Үкімет" веб-порталы және "Салық төлеуші кабинеті" веб-қосымшасы арқылы жолдау қажет.
Сондай-ақ, мемлекеттік баж сомасын қайтаруға арналған құжаттар салық органына мемлекеттік баждың сомасы бюджетке төленген күннен бастап 3 жыл мерзім өткенге дейін ұсынылуға тиіс.