Жарияланған күні: 29.03.2024 17:34
Өзгертілген күні: 29.03.2024 17:50

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 28 наурызда халыққа, оның ішінде судьяларға, "қарызсыз қоғам" жобасының консультанттарына, "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-на, сондай-ақ Түркістан және Қызылорда облыстарының Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді.
Іс-шараның мақсаты азаматтардың банкроттығын, туындаған проблемаларды шешу жолдарын, сондай-ақ жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңін енгізу мәселелерін көздейтін заңның негізгі ережелерін түсіндірумен тікелей айналысатын адамдарды оқыту болып табылады. Спикерлер ретінде Комитеттің жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Д. К. Құсайынова , комитеттің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы М. К. Сисембаева, Комитеттің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары А. Б. Рахметова сөз сөйледі. Кездесу қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.  Соңында тыңдаушылардың қойылған сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Түркістан облысы бойынша МКД баспасөз қызметі.