Жарияланған күні: 15.03.2024 11:44
Өзгертілген күні: 15.03.2024 11:48

ҚР Қаржы Вице – министрі Түркістан облысына

қызметтік іс – сапармен  келді.

 

       14.03.2024жылы  Қазақстан Республикасы   Қаржы  вице- министрі Ержан  Ерікұлы Біржанов  Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді.

ҚР Президентінің тапсырмасын іске асырудағы Қазақстандағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, салық  және кеден саласындағы мәселелерді талқылап,  тұрғындармен ашық диалог құрды.

Іс-сапардың тағы бір мақсаты - Түркістан облысындағы «Қазығұрт», «Жібек - Жолы» кеден  бекеттерінің  құрылыс жұмыстарымен танысып, Өзбекстанмен шектесетін кеден бекеттерінің екіжақты  өзекті мәселелердің шешімін қарастыруға, және кедендік реттеуге  бағытталған.

Кездесу барысында Қаржы  вице- министрі Ержан  Ерікұлы Біржанов,  халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында  қаржы министрлігінің тарапынан атқарылып жатқан  жұмыстар туралы баяндама жасады. 

   Жергілікті халық  өздерінің толғандырып жүрген өзекті мәселелерін ортаға салып, вице – министрге өз ұсыныстарын жеткізді.

Соңында тұрғындардың мәселелеріне толыққанды жауап берілді.

 

Түркістан облысы бойынша МКД Баспасөз қызметі.