
ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ ҚЫЗМЕТТІК САПАРМЕН КЕЛДІ.
Мемлекеттік қызметшілердің басты ұстанымдарының бірі – жалпыға бірдей қабылданған Әдеп кодексінің нормаларын қатаң ұстану.
Осы орайда Әдеп жөніндегі уәкіл Д.Әділханов Түркістан облысында 2024 жылдың 15 мамырында қызметтік іссапармен Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер, Қазынашылық, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, Ішкі мемлекттік аудит комитеттерінің аумақтық департаменттері мен басқармалары қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында алғашқы сөз кезегінде Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Тұрысов Ерлан Әлімқұлұлы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қатаң талаптар қойылатындығын сонымен қатар, сала бойынша бірқатар атқарылған жұмыстартуралы баяндама жасады.
Сонан соң, ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі
Д. Әділханов мемлекеттік қызметшілердің Әдеп нормаларын ұстануы бойынша негізгі талаптарын атап өтті.
Яғни қоғам тарапынан сын туғызатын әрекетке бармау, лауазымдық міндеттерді атқаруға байланысты кез келген сипатта құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеу және құқыққа сыйымсыз міндеттемелерді алмау керектігін назарда ұстау керектігін жеткізді. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты режимін сақтауы, қашықтықтан жұмыс, аралас қашықтықтан жұмыс және икемді жұмыс уақыты режимін реттеу бойынша ақпараттарды түсіндіріп, қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғау мақсатында Департамент жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатқандығын ескертті.
Соңында департамент қызметкерлерінің ұсыныстары тыңдалып, анонимді сауалнамалар ждүргізілді.
Түркістан облысы бойынша МКД Баспасөз қызметі.