
Кеше Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметтік тергеу бөлімінің қызметкері Ж.Байғұттың қатысуымен түрлі мақсатты топтармен, оның ішінде оқушылармен "Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары"кездесуі өтті.
Аталған жиынға Арыс қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ғ.Нұрымбетов және ақпараттық қолдау мақсатта “ART TV” телеарнасы және “Арыс ақиқаты” газетінің тілшілері қатысты.
Жиын барысында, Жанат Талғатұлы жастардың арасында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, өзінің және ата-анасының беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерден аулақ болу және қоғамдық орындарда, білім ордаларында Әдеп ережелерін қатаң сақтау қажет екендігін басып айтты.
Бұл іссапар негізінде, Ісшараның айқын мақсаты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Түркістан облысы бойынша МКД
Баспасөз қызметі