Жарияланған күні: 23.05.2022 16:46
Өзгертілген күні: 23.05.2022 16:47

         Баспа сөз-түйіндеме

               Кедендік әкімшілендіру түсіндіру жұмыстары бойынша

ҚР «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 26-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру үшін 19.05.2022 жылы мемлекеттік кірістер органдарының  қызметкерлерімен сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен (сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен), уәкілетті экономикалық операторлармен, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

"Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің    2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығына сәйкес Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты кеден бекеттерінде Қазақстан Республикасынан шетел валюталарын, алтын және күміс құймаларын әкетуге тыйым салуға және бұдан басқа, бағандарды толтырудың дұрыстығы мен толықтығына қатысты Тауар декларациялары мен Транзиттік декларациялар (әсіресе 31 - баған), яғни. "Транзиттік декларацияларды толтыру ережелері туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 289 және "тауарларға декларацияларды толтыру ережелері туралы"Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімдеріне енгізілген өзгерістерге қатысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Ұйымдастырлған іс шараға қатысқан сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тізімі;

Жеке кәсіпкерлер  «Нуриддин Н.С», «Абдусаттаров С.», «Сейдуллаев А», «Бабаев»,  «Сайдбек»,  «Кутлукхан». «Мақсат».

 Жауапкершіліктері шектеулі серіктестер   «АТМ Хоспиталл», «Феб Туркестан», «Югопторг», «Жібек жолы Express», «Феб строй», «Акцепт-Costoms»

 

                                                                   Түркістан облысы бойынша

                                                    Мемлекеттік кірістер департаменті