
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
«30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай мерекелік іс шара өткізді.
Мерекелік іс шарада Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жаңадан қабылданған жас маман Б. Райм мен Д.Даутова ант қабылдады. Ант қабылдау рәсіміне мамандардың ата-аналары қатысып өздерінің тілектерін білдіріп ұл-қыздарын құттықтады.
Бұл дегеніміз жаңадан жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметкердің жауапкершілігін арттырады, сыбайлас жемқорлықты алдын алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Түркістан облысының телеарнасынан шығатын «Tourist time » бағдарламасымен бірлесе отырып жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал ететін Констутцияның нормалары мен заңдарын білуге арналған сұрақ-жауап викториналар ұйымдастырылып,сыйлықтар табысталды.