Жарияланған күні: 04.06.2022 20:27
Өзгертілген күні: 04.06.2022 20:28

Мемлекеттік Рәміздер - бұл біздің мемлекетіміздің, Жаңа Қазақстанымыздың берік негізінің бірі.

Қазақстан Республикасы мемлекетінің Рәміздеріне 30 жылдығына орай, 02.06.2022 жылы  Түркістан  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  басшысы Д.Нұрмолдин және ұжым атынан арнайы демеушілік танытып,Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп – интернатында  «Менің туым - менің мақтанышым!» тақырыбында өткізілген іс-шараға қатысты.

Балалар ән шырқап, би билеп, Әнұран шырқалды.  

Мереке мейірімді, көңілді және есте қаларлық болды.

Іс-шара барысында Департамент ұжымы интернат балаларына оқуға қажетті құралдар сыйлады. Алда балалардың жазғы демалысы,  бұл іс-шара балалардың жаңа оқу жылына  жарқын бастамасы  деп айтуға болады.

 

БЕЙНЕМАТЕРИАЛ