Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің қарсаңында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен, Түркістан қаласы мемлекеттік кірістер басқармасында қызмет еткен еңбек ардагерлері Г.Ибрагимова және П.Анашбеков Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ университетінің құқықтану және қаржы-экономика мамандығының 3 курс студенттерінің арасында тәлімгерлік кездесу өткізді.
Кездесу барысында ардагерлер «салық- мемлекетіміздің тірегі, салық-халық қазынасы» екенін түсіндіре отырып, салық және кеден саласындағы қызметтерінің қиында және қызықты да жетістіктерін атап өтті. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, тиімді жауаптар алынды. Кездесу барысында Қ.А.Яссауи университетінің экономика, басқару және құқық факультетінің деканы Қауымдастырылған профессор, PhD Келесбаев Дінмұхамед Нұрмұханбетұлы ардагерлерге мазмұнды және пайдалы әңгімелері үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар,студенттер ардагерлерді Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, гүл шоқтарын сыйлады.