Жарияланған күні: 25.12.2020 15:26
Өзгертілген күні: 25.12.2020 15:30

Қолданыстағы Салық кодексімен уәкілетті экономикалық операторлармен (УЭО) белгіленген шарттарды сақтаған жағдайда импортқа салынатын ҚҚС-ты төлеу мерзімін ұзарту қарастырылған.

           

Салық кодексінің 399-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, кодекстің 49-бабының 10-тармағына сәйкес жанама салықтарды төлеу мерзімі өзгертілген және 457-бабында белгіленген талаптар орындалған тауарлардың импорты ҚҚС-тан босатылады.

 

Тауарлардың импорты кезінде ҚҚС-тан босатуды қолдану тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді.

 

Тауарлардың экспортын растау тәртібі бұзылған жағдайда импортталатын тауарларға ҚҚС ЕАЭО кеден заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есепке жазыла отырып төлеуге жатады.

 

Осылайша, заңмен ҚҚС-ты төлеу мерзімін ұзартылған ҚҚС төлеушілерінің  белгіленген  санаттары үшін ЕАЭО мүше елдерге бұдан бұрын импортталған тауарларды шығарған жағдайда ҚҚС-нан босатуды көздейтін түзету енгізілген.