Жарияланған күні: 16.08.2023 10:16
Өзгертілген күні: 16.08.2023 10:17

Құрметті салық төлеушілер!
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2.0.2 нұсқасының хаттамасына деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ қайта бағдарламалау қажеттілігі туралы Сіздердің назарыңызға жеткізеді.
Фискалдық деректер операторлары 2.0.2 нұсқасының хаттамасына онлайн-БКМ жалпыға бірдей көшу бойынша жұмыс жүргізуде.
- 2.0.2 хаттамасының артықшылығы:
- Клиенттің талабы бойынша фискалдық чекте сатып алушының ЖСН/БСН көрсету мүмкіндігі. Егер сатып алушының чегінде ЖСН немесе БСН көрсетілсе, онда 1 000 АЕК-тен асатын мәмілелер бойынша ҚҚС төлемейтіндер үшін мұндай чек электрондық шот-фактураның орнына КТС бойынша шегерім үшін растаушы құжат болып табылады;
- Төлемнің жаңа түрі қосылды – мобильді төлем;
- Көрсету мүмкіндігі тауардың атауы.
- Салық заңнамасын сақтау мақсатында хаттаманың 2.0.2 нұсқасына сәйкестігін онлайн-БКМ тексеру қажет.
- Сондай-ақ, жалпыға бірдей 2.0.2 Хаттамасына көшу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде, 2023 жылғы 1 тамыздан бастап 1.2.5 нұсқалы хаттаманы бұғаттау жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 284-бабының 3-тармағына сәйкес бақылау – бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін бермеу не бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін тауарға немесе көрсетілетін қызметке төленген сомадан артық немесе кем сомаға беру – ескертуге әкеп соғады, ал бір жыл ішінде қайталап әрекет жасалған жағдайда айыппұл салынатынын қосымша хабарлаймыз.
Сұрақтар бойынша онлайн-БКМ тіркелген ФДО байланыс орталығына мына нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:
- «Қазақтелеком» АҚ - 8 800 080 00 51, 8 727 259 00 51, 8 7172 59 00 51;
- «Транстелеком» АҚ - 8 7172 647-647 или 1702;
- «Jusan Mobile» АҚ - 8 727 2 377-777;
- «КаР-Тел» ЖШС - 8 727 321 03 03, 8 7172 73 83 83 немесе 2106.