Жарияланған күні: 16.08.2023 09:27
Өзгертілген күні: 16.08.2023 09:28

Құрметті аяқ киім импорттаушылар мен аяқ киім өндірушілер.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі №518 бұйрығымен бекітілген "Аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау және қадағалау қағидалары" негізінде 2023 жылғы 1 қарашадан бастап аяқ киімді міндетті таңбалау енгізілетінін хабарлайды.

- Қағидалардың 5-тармағына сәйкес: импорттаушы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген аяқ киім тауарларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін немесе аяқ киім тауарларын ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырғанға дейін таңбалауды қамтамасыз етеді.