Жарияланған күні: 16.08.2023 10:20
Өзгертілген күні: 16.08.2023 10:22

 

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» 21.07.2023 жылғы № 783 бұйрыққа «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация 913.00 салық есептілігі нысанындағы тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

913.00 нысанындағы салық есептілігін жасау қағидалары мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылды:

«1-1. Аталған нысан 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы
31 желтоқсан арасында туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.»;

1-тармақ:

мынадай мазмұндағы 135) және 136)-тармақтармен толықтырылды:

«135) осы бұйрыққа 135-қосымшаға сәйкес бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларацияның нысаны (913.00-нысан);

136) осы бұйрыққа 136-қосымшаға сәйкес «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация
(913.00-нысан)» деген Салық есептілігін жасау қағидалары бекітілсін.»;

осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 135 және
136-қосымшалармен толықтырылсын.