
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 8-наурыз Халықаралық әйелдер мейрамына орай, Салық және кеден саласында жұмыс жасап, өз саласының дамуына үлес қосқан, аянбай еңбек еткен, аяулы ақ жаулықты аналарымыз, өз саласының дамуына үлес қосқан еңбек ардагерлерін құттықтады. Департамент ғимаратының алдында еңбек ардагерлері өз есімдері жазылған мәңгілік шыршасын отырғызды. Сонымен қатар Департаменттің еңбек етіп жүрген ару қыздарымыз марапатталып, әсерлі мерекелік іс-шара өтті.