
Қазіргі уақытта Түркістан облысы тұрғындарының 690 мыңнан астамында несиелері бар. Оның ішінде 111 мыңнан астам азаматта 90 күннен астам уақыт төленбеген несиелері қордаланған. Сондықтан азаматтардың банкроттығын жариялау туралы рәсімдер қызығушылық танытары сөзсіз.
2022 жылғы 19 тамызда Түркістан қаласында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің конференциясы өтті, оның шеңберінде "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Заң жобасының (Заң жобасы) мәселелері талқыланды.
Шараға қатысқан 320 қатысушының ішінде: жеке тұлғалар, қаржылық кеңесшілер, әкімшілер, мүдделі мемлекеттік органдар, сот орындаушылар, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен банктердің өкілдері, сонымен қатар Аманат партиясы мен Атамекен кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында спикерлер бүгінгі таңда Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан заң жобасының негізгі ережелерін түсіндірді.
Сондай-ақ, жобада азаматтардың банкрот деп танылған күннен бастап бір жыл ішінде қаржылық сауаттылықты арттыру курстарынан міндетті түрде өтуі көзделген.
Іс-шара соңында лекторлар конференция қатысушыларының барлық сұрақтарына жауап берді. Азаматтардың ұсыныстары заң жобасына байланысты Мәжілістегі алдағы талқылау барысында қарастырылады.
Шара соңында әкімшілік басқарушылармен кездесу өтіп, олардың сұрақтарына жауаптар берілді.