
02.08.2023 жылы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен жеке тұлғалардың көлік салығынан берешекті өндіру мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, рейдтік іс-шаралар Сарыағаш қаласында және Құркелес ауыл округінде Сарыағаш ауданы бойынша МКБ, жеке сот орындаушылармен және аудандық ІІБ-мен бірлесе отырып, аудандық СӘТ телеарнасының қатысуымен басталды. Рейдтік іс-шара барысында көлік салығыннан берешегі бар борышкер бір азаматтың көлігі айыппұл тұрағына қойылды.
Көлік салығы бойынша борышкерлер санын қысқарту мақсатында Түркістан облысының басқа аудандарында да рейдтік іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=I47Qjdjanfk