Жарияланған күні: 04.09.2015 16:41
Өзгертілген күні: 04.09.2015 16:46

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 160021 Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Б.Момышұлы көшесі №27, анықтама үшін телефон 8(725-2) 35-36-61, электронды мекен жайы: dtelmurzaeva@taxsouth.mgd.kz  экономикалық тергеу қызметіне бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Жетекші маман – тергеуші С-GDО-6 санаты (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: өкілеттігі шегінде, қоғамның, мемлекеттің және кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің заңды құқықтары мен мүдделерінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; басқарманың өндірісіндегі сотқа дейінгі өндірістегі қылмыстық істердің заңдылығын қамтамасыз ету; қылмыстық процессуалдық заң шеңберінде Экономикалық тергеу қызметіне тергеу реттілігімен берілген қылмыстарды жасаған тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту және әшкерелеудің толықтығын, жан-жақтылығын, объективтілігін ұйымдастыруды қамтамасыз ету; мемлекетке, заңды және жеке тұлғаларға  қылмыстық әрекеттің нәтижесінде келтірілген залалды өндіруді заңмен қаралған шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді; ҚР заңдарымен, Комитет және Департаменттің құқықтық актілерімен қарастырылатын басқа да тапсырмалар мен міндеттерді орындау;

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты  лауазымның  функционалдық  бағыттарына  сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар: «Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығымен белгіленетін құқық қорғау органдарында қызмет өткеру үшін денсаулық жағдайына қарай жарамдылықтың тиісті санаты.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:  осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағыдыдысының болуы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы»,  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан  Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерін, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Құқық  қорғау қызметі туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңдарын, сондай-ақ,  Қазақстан Республикасы  мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін білу. Полиграфологиялық зерттеу және жеке басының құзыреті бойынша тестілеуден  міндетті түрде өту қажет.

Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орны: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап он жұмыс күні, Шымкент қаласы, Б.Момышұлы көшесі №27.