Date of publication: 07.04.2015 10:00
Date of changing: 07.04.2015 10:10

2015 жылдың 1 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Шымкент-кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінде «Кеден одағының ТР ТС 018/2011 «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелдің» негізгі мақсаты ат алған  техникалық регламентіне қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылды.

Кездесуге ОҚО Техникалық реттеу және метрология Мемстандарт бөлім басшысы Ә.Қырықбаева, ОҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Н. Мүтәлиев, «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ ОҚОФ директорының орынбасары С.Тұрабаев, «Оңтүстік Стандарт» ЖШС директоры Е. Шағырбаев,  сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, яғни барлық мүдделі тұлғалар қатысты.

Отырыс барысында аталған техникалық регламентті тәжірибеде қолдану кезінде туындайтын өзекті мәселелер көтеріліп, сертификаттау және техникалық реттеу саласының білікті мамандары қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берді.

 

 

ОҚО бойынша МКД Кедендік бақылау басқармасы