ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап, республикамыздың барлық облыстарында «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы бастау алғандығын хабарлайды.
Аталған акция Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы аумағында 2015 жылдың 1 сәуірі мен 30 қарашасы аралығында өткізілетін жалпы республикалық іс-шара болып табылады.
Акция қортындысы бойынша облыстық департаменттерде және комитетте қатысушылар арасында бағалы жүлделерді ойнату шарасы өткізіледі.
Акция туралы толық ақпарат Комитетінің www.kgd.gov.kz интернет – ресурсында жарияланған.