Date of publication: 21.09.2021 16:29
Date of changing: 21.09.2021 16:24

2021 жылғы 17 қыркүйекте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрахметұлы Нұрмолдин ҚР Қаржы министрлігі жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты төмендету мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты. Кеңес ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Абзал Бейсенбекұлының төрағалығымен өтті. Кеңес бейнеконференцбайланыс режимінде өтті.

Кеңеске Түркістан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Лаззат Естайқызы Шөкеева, Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Берік Мұхтарұлы Меңдібаев, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Бағлан Әлібекұлы Бектаев қатысты.

Баяндамашылар ретінде Алматы облысы бойынша МКД және ІМАД, Маңғыстау, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша МКД сөз сөйледі.