
2015 жылдың 27-наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері жөніндегі алғашқы Консультативтік кеңестің отырысы өтті. Консультативтік кеңес бизнес өкілдері мен Департаменттің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
Консультативтік кеңестің негізгі мақсаты - салықтық және кедендік реттеуді жетілдіру болып табылады.
Отырыс барысында, кеңес жұмысының рәсімі айқындалды. Консультативтік кеңестің құрамына бизнес-құрылымдарының, «Нұр Отан» саяси партиясының, ОҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен Департаменттің басшылық құрамындағы қызметкерлері енгізілді.
Департамент қызметкерлерімен қатысушыларға «Өткізу пункттері арқылы Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар туралы міндетті алдын-ала хабарлау және Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзит тәртібімен «санкцияланған» тауарларды тасымалдау бойынша шектеулер туралы, сондай-ақ Ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына беру функциясы бар бақылау-кассаллық машиналарды қолдану мәселелері тақырыптарына баяндамалар оқылды.
Консультативтік кеңес жұмысы кәсіпкерлер мен мемлекеттік кірістер органы арасындағы ашық диалогтың қалыптасуына бағытталған.
Отырыс барысында Кеңес мүшелері арасынан:
- салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру;
- салыктық және кедендік әкімшілендіру саласындағы IT технологиясын жетілдіру;
- салық және кеден саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша арнайы 3 жұмыс тобының құрамы бекітілді.
Сондай-ақ, отырыс барысында салық және кеден заңнамасы саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасулар мен талқылаулар жүргізілді.
ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті