
Ағымдағы жылдың 27 наурызында ОҚО Кәсіпкерлер палатысы, ОҚО Ішкі істер департаментінің, ҚР Ұлттық банк және екінші деңгейдегі банк өкілдерінің және кәсіпкерлермен бірлескен дөңгелек үстел өткізілді.
«Дөнгелек үстелді» ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары С.М.Сауқомбеков ашты. Ол, өз сөзінде «қазіргі уақытта жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 231 бабында қарастырылған қылмыс түрі, яғни жалған ақша жасау Мемлекеттік кіріс органдарының Экономикалық тергеу қызметіне тергелу ретімен тергелетіндігін.
Экономикалық қылмыстың жалпы үлесінде жалған ақша жасау фактісі 15% құрайды. Сәйкесінше аталған қылмысты уақытылы ашу және кінәлілерді жазалау мәселесі өзекті болып отырғанын» атап өтті.
Әрі қарай жиында, ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметі Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысы Д.Ф.Қалдыбаев «жалған ақша жасауды ашудың қиыншылығы жалған купюраларды әзірлеудің беймәлімділігінің жоғарылығымен байланысты.
Қылмыстың аталған санатын анықтау көбіне кәсіпкерлер мен банк қызметкерлерінің жалған купюраны табылғандығы туралы уақытылы хабарлануына, жалған ақша қаражатын өткізген әрбір жер бойынша құқық қорғау органдарының тез арада әрекет етуі, сонымен қатар оқиға болған жерді тексеру іс-шараларын қамтамасыз етудің толықтылығымен сапасына байланысты.
Қазіргі уақытта, аталған бағытта жалған ақша жасаушылық сияқты теріс қылықтарды түбірімен жоюды барлық күш жігерді біріктіру қажет.
Одан басқа жалған ақша белгілерін жасау, сақтау және өткізу еліміздің несие-ақша жүйесінің тұрақты қызмет етуіне мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне белгілі бір қатер төндіре отырып теріс әсер етеді.
Осыған байланысты, кәсіпкерлерді, банк қызметкерлерін, сауда кассалық есептеу жүргізу кезінде қолма-қол ақша қаражатын мейлінше азайтуға, ғаламтор ресурстарын пайдалануға шақырамын» деп айтып өтті.
ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті