
Пилоттық жобаны жүргізілу кезінде әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайды.
Алайда, Пилоттық жоба кезеңінде Пилоттық жобаға қатысушы осы Қағидаларда белгіленген ТІЖ-ны ресімдеу (растау, бас тарту) тәртібін және мерзімдерін бұзған жағдайда ҚР ҚМ МКК осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатты ресімдеу (растау, бас тарту) тәртібі мен мерзімдерінің бұзылуы туралы» хабарлама қалыптастырады.
Хабарлама Пилоттық жобаға қатысушыға электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште жолданады.
Хабарламаны алу, сондай-ақ онымен танысу алушыны ТІЖ ресімдеуден, алуды растаудан немесе бас тартудан босатпайды.