Date of publication: 17.09.2019 11:51
Date of changing: 17.09.2019 11:52

Құрметті салық төлеушілер, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын Заң  күшіне  енгізілгені туралы және 2019 жылдың 8 ақпанынан бастап негізгі салықтан бересін төлеген жағдайда, өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары қолданысқа енгендігі өздеріңізге белгілі.

Түркістан облысында 2018 жылғы 1 қазандағы жағдайға сәйкес, 226,7 млн. теңге салық берешегі бар 10 909 шағын және орта бизнес субъектілері рақымшылыққа жатады.

Бүгінгі таңға, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарымен 2018 жылдың 1 қазанында болған жалпы сомасы 68,8 млн.тг. құрайтын негізгі қарызын төлеген 7 719 салық төлеушілердің  13,3 млн.тг. өсімпұл сомаларын есептен шығару туралы шешімдер қабылданған. 

Салықтық рақымшылыққа мониторингте тұрған ірі мекемелер, акциздендірілетін өнімдерді шығаратын салық төлеушілер, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар жатпайды. Алайда, жер қойнауын пайдаланушылардың жер асты суын және емдік мақсатта шығарылатын балшықтарды өндіретін салық төлеушілер осы мүмкіндіктерді пайдаланыла алады. 

Сондай-ақ, шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ: өсімпұлдар мен айыппұлдар салық төлеушінің өтінішінсіз есептен шығарылатындығын назарларыңызға жеткіземіз.

Ал, Оңалту рәсіміндегі және салықтар бойынша төлеу мерзімін ұзартқан салық төлеушілер, бересі сомасын толығымен төлеген жағдайда, өсімпұл мен айыппұл сомаларын есептен шығару туралы арыздарын аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына жолдау қажет.

Сонымен қатар, аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары салық төлеушілермен тұрақты негізде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Заңының 57-1-бабының негізгі борышты төлеу кезінде өсімпұлдар мен айыппұл сомаларын есептен шығаруға қатысты нормаларын түсіндіреді.

Есептен шығаратын соманың арқасында, шағын және орта бизнес субьектілері өздерінің айналымдағы қаражаттарын үнемдеп, кәсіпкерлігін дамытуға, ең бастысы салық салу базасының кеңейтілуіне мүмкіндік алады.

Бұл мемлекет тарапынан шағын және орта бизнес субьектілеріне көрсетілген үлкен қолдау, әрі екі жаққа да тиімді шара.

Сондықтан шағын және орта бизнес өкілдері осы жасалып жатқан шараға немқұрайлы қарамай, негізгі салықтарын төлеуге дұрыс көңіл бөлу қажет екендігін назарларыңызға жеткіземіз.

 

 

Түркістан облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті