Date of publication: 25.05.2018 18:04
Date of changing: 25.05.2018 18:06

Салық кодексімен қатар Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын сәйкестендіру мақсатында, салықтық тексерулер ішінара және жоспардан тыс салықтық тексерулерге бөлінеді және де тексеру себептерінің қысқаруы нәтижесінде салықтық тексерулер 34-тен 12-ге дейін немесе 65 пайызға қысқарған.

Салық кодесінің 145-бабының 2-тармақшасына сәйкес, салық органдары салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты тағайындайтын тексерулер ішінара салықтық тексерулер болып табылады деп белгіленген.

Сонымен қатар, ішінара салықтық тексеру жүргізілетіні туралы хабарлама салық төлеушіге жолдануы қарастырылған.

Салық органдары ішінара кешенді және (немесе) ішінара тақырыптық тексеруді жүргізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ішінара салықтық тексеруді жүргізу туралы хабарлама жібереді немесе табыс етеді.

Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша жіберіледі немесе табыс етіледі, тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілген хабарлама пошта немесе өзге байланыс ұйымының жауабы алынған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

Хабарламада салықтық тексерудің нысаны, тексерілуге жататын мәселелердің тізбесі, қажетті құжаттардың алдын ала тізбесі, салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ салықтық тексеруді жүргізу үшін қажетті басқа да деректер көрсетіледі.

Салықтық тексерулер жүргізу үшін салық төлеушіні (салық агентін) іріктеу мақсатында салық органдары тәуекелдерді басқару жүйесін қолданады.

Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді бағалауға негізделеді және тәуекелді анықтау және оның алдын алу мақсатында салық органдары әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды. Тәуекелдерді бағалау нәтижелері негізінде салықтық бақылаудың нысандарын саралап қолдану арқылы жүзеге асырылады.

 

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Шымкент қаласы, Б.Момышұлы к/сі, 27