Date of publication: 29.09.2017 17:38
Date of changing: 29.09.2017 17:39

Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексінің 561-бабына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі жеке тұлғалар туралы мәліметтерді сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына береді.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңы (бұдан әрі –Заң) жеке, заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) үшiн сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастырудың негiзiнде сәйкестендiру нөмірлерінің ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзудiң мақсаттарын, мiндеттерiн, принциптерi мен құқықтық негiздерiн айқындайды.

Жалпы жеке сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмi - жеке сәйкестендiру нөмiрлерiнiң тiркеу есебiн жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе болып табылады.

Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзудiң мақсаты Қазақстан Республикасында сәйкестендiру нөмiрiн енгiзу негiзiнде белгiлi бiр тұлғаға қатысты мәлiметтердi тiркеудiң бiрыңғай жүйесiне көшу болып табылады.

Сәйкестендiру нөмiрi Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiне қоюға жатпайтын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыруын қоспағанда, ақша төлемі мен аударымдарын жүзеге асыру, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн орындау үшін қолданылады.

Жоғарыдағы аталған Заңның 1 бабының 5 тармағына сәйкес Жаңартымемлекеттiк уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - сәйкестендiру нөмiрлерiн қалыптастыруды және сәйкестендiру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.

Осы Заңның 6 бабына сәйкес уәкiлеттi орган:

1) өз құзыретi шегiнде сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау, жүргiзу және пайдалану жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi;

2) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң жүргiзiлуiн жүзеге асырады;

3) жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке тіркеу нөмірлерін қалыптастыруды қоспағанда, сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыруды орталықтандырылған түрде жүзеге асырады әрi тiркеушi және басқа да мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелерге ақпарат бередi.

         Заңның 9-бабының 6 тармағына сәйкес, жеке сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн:

      туу туралы куәлiктi;

      Қазақстан Республикасы азаматының паспортын;

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін беру кезiнде;

      2) шетелдiк үшiн шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат беру немесе тіркеу куәлiгiн беру кезiнде;

      2-1) этникалық қазақтар үшін оралман мәртебесін беру кезінде;

      3) азаматтығы жоқ адамдар үшiн көшi-қон полициясы органдарында тiркеу кезiнде берiлетiн азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн немесе тiркеу куәлiгiн беру кезiнде жүзеге асырылады.

         Ал Заңның 7-бабына сәйкес, сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жүргiзу тиiстi ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етiледi. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi тек қана мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелердiң ақпараттық жүйелерi үшiн электрондық ақпараттық ресурс болып табылады.

Яғни, Мемлекеттік кірістер органының салық төлеушілер базасына ЖСН мәліметін енгізу - Жеке тұлғалардың Мемлекеттік деректер базасына (ЖТ МДБ) сұраныс салу арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. 

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті