
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегия, персоналды басқару және жұмылдыру департаментінің басшысы Орынханов Қайрат Кәкімұлы мен Министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілі Арыстанбекова Камшат Болатқызы Түркістан облысына қызметтік сапармен келді.
Іссапар аясында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратының мәжіліс залында департаменттің басшылық құрамы мен қызметкерлері және Қазынашылық департаментінің, Мүлік және жекешелендіру департаментінің, Мемлекеттік ішкі аудит департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында әдеп жөніндегі уәкілі Камшат Болатқызы - ҚР Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу, және оны болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында қызметкерлерге түсіндіре келе, департамент қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, және Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Сонымен қатар, ҚР Қаржы министрлігінің Стратегия, персоналды басқару және жұмылдыру департаментінің басшысы Қайрат Кәкімұлы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілердің қоғамдағы ролін, олардың жауапкершілігін, қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу, мемлекеттік органда жойылу (тарату), қайта ұйымдастыру, басқару құрылымын өзгерту және штат санын қысқарту түріндегі өзгерістер кезінде мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау шаралары бойынша кеңінен түсіндіріп, баяндама жасады.
Кездесу соңында қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылды, сұрақтарға толық жауаптар алынды.
Түркістан облысы бойынша МКД Баспасөз қызметі.