Date of publication: 27.08.2024 16:59
Date of changing: 27.08.2024 17:01

Түркістан облысы бойынша МКД 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін «активтер мен міндеттемелер туралы»  және «кірістері  мен мүлкі  туралы» деклрацияны  ұсынуды хабарлайды.

         Түркістан  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі-Түркістан облысы бойынша МКД) 25.08.2024 жылғы жағдай бойынша Түркістан облысы Мемлекеттік кірістер департаменті 250.00 СЕН 3-ші этап бойынша тапсыруға міндеттілер саны 233 406 оның ішінде 190 477 жеке тұлға тапсырды.  Жалпы тапсыру қарқыны 82%.Қалғандар саны 42 929.

270.00 СЕН бойынша 304 654 жеке тұлғаның 277 320 тапсырып, 27 334 қалып отыр, тапсыру қарқыны 91% құрап отыр.

Жалпыға бірдей декларациялау аясында декларацияны ұсыну мерзімінің аяқталуына санаулы уақыттың қалғанын ескере келе, 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін «активтер мен міндеттемелер туралы»  және «кірістері  мен мүлкі  туралы» деклрацияны  ұсынуды хабарлайды.

Сонымен қатар, декларацияларды электронды түрде ұсынудың бірнеше тәсілдері қарастырылған салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкімет" порталы (egov.kz) арқылы, сондай-ақ eSalyq Azamat, eGov mobile, Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz мобильді қосымшалары арқылы.

Түркістан облысы бойынша МКД салық міндеттемесінің уақтылы орындалмауын болдырмау үшін тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша табыс етілетін декларацияны алдын ала тапсыруды ұсынады.

Салықтар туралы толығырақ 1414/3 нөмірі бойынша немесе Instagram mkd_ turkistan_ oblysy парақшасына сауалнама жолдап, жауап алуға болады.

#салық#налоги#кеден#таможня#казахстан#