Date of publication: 07.02.2024 09:22
Date of changing: 07.02.2024 09:28

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айында Салық заңнамасына өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,  биылғы  2024 жылдың   1 қаңтарынан бастап  салық  жүйесіне  енгізілген өзгерістер мен толықтырулар  туралы жер – жерде  салық органдарының  қызметкерлері  халықты ақпараттандыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу үстінде. Бұл қағида «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» негізгі компоненттерінің бірі десек те болады. 

 

Осы ретте  аталған  тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының сала қызметкерлерімен бірлесіп,  Мемлекеттік  қызмет  көрсету басқармасының басшысы С. Ширинбекова, Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы М.Көкенов, Түркістан қаласы, Сайрам, Сарағаш ауданындарының орталық сауда орындарындарында және  базарларда дара кәсіпкерлікпен айналысып отырған   кәсіпкерлермен  кездесті.

 

Мақсат – ашық  байланыс арналарын орнатып,  салық төлеушілерді толық ақпараттандыру. Тақырапқа арқау болған басты мәселелер:

  • Кәсіпкерлік қызметпен айналысу барысында салық міндеттемелерін орындауы туралы;
  • Бақылау касса машинасын және posтерминал қолдану тәртібі;
  • Жалпыға бірдей декларациялаудың  үшінші  кезеңі,  мобильді аударымдар туралы; түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
  • Банктік аударымдар туралы;

 

Алдағы уақытта мұндай іс – шара өз жалғасын таба бермек.

 

 

Түркістан облысы бойынша МКД Баспасөз қызметі.