Date of publication: 12.01.2024 17:12
Date of changing: 12.01.2024 17:15

Мемлекеттік кірістер органдарының спикерлері мен  «Атамекен» ҰКП өкілдерімен жиыналыс өтті.

          Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің тапсырмасына сәйкес, елдегі халықтың  қаржылық,  салықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен   құрылған жоспар шеңберінде бірлесіп, жаппай – түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алып, түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

          Осы ретте 11.01.2024 жылы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Атамекен" Кәсіпкерлер палатасының алаңында жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшыларының қатысуымен  семинар кеңес өтті.

  Тақырып - Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі бойынша салықтық мөлшерлемесін төмендету; «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары бойынша төлемдер қабылдау; Жеке кәсіпкерлердің активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыру тәртібі жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бұл туралы баяндама жасаған спикерлер:

1. Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің орынбасары Бекмурзин Елтай Азатұлы,

2. Түркістан облысы бойынша Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы - Көкенов Мейрамбек Байкадамұлы баяндама жасады.

        Аталған басқосуға Түркістан облысының Кәсіпкерлік  және өнеркәсіп басқармасының басшысының орынбасары – Абдразақова Нүргүл Пердебайқызы, Түркістан облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының орынбасары – Ажиметова Гульфари  Нұржанқызы, Түркістан қаласының әкімдігінің Бизнесті қолдау және туризм басшысы орынбасары-  Жұмашбеков Руслан Шаймерденұлы, Түркістан қаласы бойынша Экономика және қаржы бөлімінің басшысы – Булегенов Олжас Пердебайұлы, Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Мақсат Ахметұлы Есқара, сондай ақ Өңірлік қала /аудан мәслихатының депутаты – Хандиллаев Сакен Мырзанұлы қатысты.

     Алғы сөзді Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары –  Амирова Зухра Төлебайқызы бастап, баяндама соңында "Атамекен" Кәсіпкерлер палатасының алаңында жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың басшыларының ұсыныстары тыңдалып,  сұрақ – жауаптарға жауап берілді.

 

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі