
ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ!!!
Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларация бойынша Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді, ол 4 кезеңде өтеді. Декларация нысаны «Активтер мен міндеттемелер туралы Декларация» 250.00-нысан. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, салық Кодексінде жалпыға бірдей декларациялауды төрт кезеңмен жүзеге асыру қарастырылған.
Бірінші кезеңде (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары); мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары); «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табыс ету жөніндегі міндет жүктелген адамдар декларация тапсыруға міндетті.
Екінші кезеңде (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары.
Үшінші кезеңде 2024 жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.
Төртінші кезеңде 2025 жылы қорытынды кезеңде азаматтардың қалған санаттары, яғни елдің барлық 18-жасқа толған ересек халқы кіреді.
Декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде ұсынады.
Декларацияны ұсыну тәсілдері:
e-Salyk Azamat, eGov mobile, Halyk мобильді қосымшалары;
eGOV, moldir.goldau.kz web-порталы;
cabinet.salyk.kz сайтындағы Салық төлеушінің кабинеті.