Date of publication: 24.04.2015 09:40
Date of changing: 24.04.2015 14:55

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

2015 жылғы «23» ақпандағы

№ 112 бұйрығымен бекітілген

 

 

Кедендік декларациялау және кедендік декларация берілгенге дейін тауарларды шығару кезінде кедендік операцияларды жасау қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

  1.  Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 298 – бабына сәйкес әзірленген және кедендік декларациялау және кедендік декларацияны берілгенге дейін тауарларды шығару бойынша декларанттар мен аумақтық мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының іс-қимылдарының тәртібін айқындайды. 

Кодекстің 298     –       бабына сәйкес тауарларды шығару мынадай жағдайларда:

  1. Кодекстің 65 – бабының 2 – тармағына сәйкес уәкілетті экономикалық операторларға қатысты арнайы оңайлатуды қолдану кезінде;
  2. кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, Кодекстің 276 – бабында көрсетілген, Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) тауарлардың жекелеген санаттарын бірінші кезектегі тәртіппен кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде кедендік декларацияны бергенге дейін жүзеге асырылады.
  1.  Осы Кодекстің 276 – бабында көрсетілген тауарларға қатысты, дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін қажетті тауарларды, бейбітшілікті сақтау не оқу-жаттығулар өткізу жөніндегі акцияларды орындау үшін қажетті әскери мақсаттағы өнімді, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның филиалдары әкелетін валюта (оның ішінде шетел валютасы) және тазартылған алтын түріндегі құндылықтарды, сондай-ақ гуманитарлық және техникалық көмекті қоспағанда, оларды кедендік декларацияны бергенге дейін шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылады.

Кодекстің 16       –      тарауына сәйкес аумақтық мемлекеттік кірістер органына қамтамасыз ету ұсынылады.

Уәкілетті экономикалық оператор декларанты болып әрекет ететін тауарларды кедендік декларация бергенге дейін шығару, төленуге жататын әкелу кедендік баждарының, салықтардың сомасы осы Кодекстің 62 – бабына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор берген кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасынан аспаған жағдайда қолданылады.

2. Кедендік декларациялау және кедендік декларация берілгенге дейін тауарларды шығару кезінде декларанттар мен мемлекеттік кірістер органының  лауазымды тұлғаларының іс-қимыл жүйелігі

 

  1.  Декларант кедендік декларацияны берілгенге дейін тауарларды шығару үшін Кодекстің 298 – бабымен көзделген құжаттарын аумақтық мемлекеттік кірістер органына ұсынады.

Кедендік тазартуды және тауарларды шығаруын жүргізетін мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы (бұдан әрі – лауазымды тұлғасы) мынадай құжаттардың:

1) тауарларды жөнелтушісі және алушысы, тауарлардың жөнелтуші және межелі елі туралы мәліметтер, тауардың атауы, сипаттамасы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кемінде алғашқы төрт белгі деңгейіндегі сыныптау коды, тауарлардың саны, брутто салмағы және құны бар коммерциялық немесе көліктік (тасымалдау) құжаттардың;

2) осы Қағидаларға 1 – қосымшада белгіленген нысан бойынша декларанттың кедендік декларацияны бергені және қажетті құжаттарды ұсынғаны туралы міндеттеменің;

3) тыйым салулар мен шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттар мен мәліметтердің болуына тексеруді жүзеге асырады.

4. Лауазымды тұлғасы декларанттың кедендік декларацияны бергені және қажетті құжаттарды ұсынғаны туралы міндеттемені, егер:

1) тауарлар құжаттар берілген мемлекеттік кірістер органының қызмет аймағында  кедендік бақылауда болса;

2) құжаттарды уәкілетті тұлға (декларант немесе кедендік өкілі) берсе;

3)      осы Қағидалардың 2 – тармағында көрсетілген құжаттар толық көлемде ұсынса тіркейді.

5. Міндеттемені тіркеу осы Қағидаларға 2 – қосымшамен белгіленген нысан бойынша кедендік декларацияны беру және қажетті құжаттарды ұсыну туралы міндеттемелерді тіркеу журналында жүзеге асырылады.

Тіркеу нөмірі міндеттеменің сол жақ жоғарғы бұрышына қойылады және мынадай элементтерден /ххххх/хххххх/ххххх/бдш, тұрады,

                                                               1               2              3           4

мұнда 1 – аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының жіктегішіне сәйкес мемлекеттік кірістер органының коды;

2 – тіркеу күні;

3 – міндеттеменің реттік номері;

4 – кедендік декларацияны берілгенге дейін тауарларды шығарудың белгісі.

6. Кедендік бақылауды жүргізу мақсатында, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолданумен тауарлардың кедендік тазартуын жүргізуге уәкілетті  лауазымды тұлғасы мынадай іс – қимылдарды орындайды:

1) құжаттарда көрсетілген тауарлар туралы мәліметтерге тексеруді жүргізеді;

2) автоматтандырылмаған тәуекелдер бейіні болған жағдайда ұсынылған құжаттарда мәлімделген мәліметтерді тәуекел бейіндеріндегі мәліметтермен салыстыруды жүргізеді;

3) тәуекел индикаторлары сәйкес келген кезде тәуекелдерді басқару жүйесінің  ұсыныстарына сәйкес тәуекелдердің алдын алу және (немесе) азайту бойынша шараларын қолданады.

Кеден заңнамасын бұзудың әлеуетті тәуекелі болған кезде әлеуетті тәуекел болған кезде лауазымды тұлғасы аумақтық мемлекеттік кірістер органы кеден бекеті басшысының, не оны алмастыратын тұлғаның жазбаша рұқсатымен кедендік бақылаудың қосымша нысандарын қолданады.

7. Кодекстің 296 және 302 – баптарымен белгіленген  негіздемелер бойынша тауарларды шығару және шығарудан бас тарту жүргізіледі.

Егер кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, лауазымды тұлғасы Кодекстің 440 және 441 баптарына сәйкес кедендік декларация берілгенге дейін тауарлардың шығаруын тоқтата тұрады.

Кедендік декларация берілгенге дейін тауарларды шығарған кезде лауазымды тұлғасы коммерциялық және көліктік (тасымалдау)  құжаттарына оларда міндеттемені тіркеу нөмірін көрсете отырып, «Кедендік декларацияны берілгенге дейін шығару» мөртабанын және жеке нөмірлік мөрді қояды.

Тауарларды шығарудан бас тартқан кезде лауазымды тұлғасы бас тартудың себебін көрсете отырып, «Шығарудан бас тартылды» мөрін және жеке нөмірлік мөрді қояды.   

8. Кедендік декларацияны берілгенге дейін тауарларды шығару кезінде декларант ұсынған коммерциялық немесе көліктік (тасымалдау)  құжаттардың көшірмелері кедендік декларацияны және қажетті құжаттарды ұсыну туралы міндеттемені тіркеген аумақтық мемлекеттік кірістер органында қалады.

9.   Тауарлар шығарылғаннан кейін лауазымды тұлғасы кедендік декларацияны беру мерзіміне бақылауды жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кедендік декларациялау және кедендік декларация берілгенге дейін тауарларды шығару кезінде кедендік операцияларды жасау қағидаларына

1 – қосымша

 

 

Нысаны

 

 

Басшыға

____________________________________

Мемлекеттік кірістер департаменті кеден бекетінің/кеденнің атауы

       _________________________________________

басшының Т.А.Ә. (әкесінің аты бар болған кезде)

 

 

Кедендік декларацияны беру және қажетті құжаттарды ұсыну туралы міндеттеме

____________________________________________________________________

Декларанттың не кеден өкілінің атауы

____________________________________________________________________

(Кәсіпорын, ұйым лауазымды тұлғасының не кедендік ресімдеу бойынша маманның ТАӘ)

___________________________________________________________тұлғасында кедендік рәсімен орналастырылған тауарлар бойынша 20___ жылғы 10__________ дейінгі  мерзімде кедендік декларацияны және оларға қажетті құжаттарды беруге міндеттенеді__________________________________

Тауардың атауы КО СЭҚ ТН тауардың коды (алғашқы 4 белгіден емес деңгейде) ____________________________________________________________

Тауарлардың жалпы құны _____________________________________________

Тауардың тұрған орыны _______________________________________________

Транзиттік декларацияның нөмірі (бар болған жағдайда)____________________

Тауарлар   Кеден        одағының  аумағында _______________________________мақсаттар үшін пайдаланылатын болады.

Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуді қамтамасыз ету мынадай түрде ұсынылған (қажет болған жағдайда)_____________________________________

Құжаттардың     көшірмелері       қоса  беріледі:________________________________

Қосымша: ____________ парақта.

Күні, қолы

Мекен–жайы, телефоны

 

 

Кедендік декларациялау және кедендік декларация берілгенге дейін тауарларды шығару кезінде кедендік операцияларды жасау қағидаларына

2 – қосымша

 

 

Нысаны

 

 

Кедендік декларацияны беру туралы міндеттемені тіркеу журналы

 

р/с

Міндеттеменің тіркеу нөмірі

Декларанттың атауы

Кедендік декларация беру мерзімі

Лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.

шығару/Бас тарту себептер көрсете отырып бас тарту туралы шешім

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7