
2015 жылдың 18 сәуірінде Еліміздің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығы мен Қазақ хандығының құрылғанына 550-жылдығын атап өту қарсаңында, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен экологиялық сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілікті өткізу – бұл қаламызды тазалап, көркейтуге бағытталған жақсы дәстүр. Өз қаламызды қолымызбен ретке келтіріп, оған сүйіспеншілік пен құрметімізді көрсету барлығының көңілінен шығатын іс.
Сонымен қатар, қазіргі таңда Еліміздің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығы мен Қазақ хандығының құрылғанына 550-жылдығын атап өтуіне дайындықтар жүргізіліп жатыр, және осы мейрамдарды біздің қаламыз тазалықта қарсы алу керек.
Сенбілік қаламыздың бірден-бір көрнекті орындары болып есептелетін, облыс орталығының тұрғындары мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орны болып табылатын, қоғам қайраткері А.Асқаровтың атымен аталатын облыстық Дендрологиялық саябағында өтті. Орталық Азиядағы ірі саябақтардың бірі болып табылатын Дендрологиялық саябақ осыдан 30 жыл бұрын құрылған, 150 гектар жерінде экзотикалық және сирек кездесетін талдар өсуде. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар осы бірегей нысанды көгалдандыру мен сақтап қалуына үлкен көңіл бөлуде.
Департамент басшысы Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбетәлиевтің бастамасымен сенбілікке төрт жүзден астам қызметкерлер белсенді қатысты, 4 техника жұмылды.
Департамент ұжымының сапалы және бірігіп атқарған жұмыстарының арқасында түскен жапырақтар және қоқыс-қалдықтар шығарылып, артық өскен бұталар кесіліп, ағаш түптері қопсытылып, көшеттер отырғызылды.
Сенбілік кезінде 21 куб.м. қоқыс шығарылып, саябақтың 8 га жер көлемі тазаланды.
Осындай экологиялық сенбілік аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары қызметкерлерімен облысымыздың барлық аудандық орталықтарында өткізіліп, қоғамдық маңыздылығы бар орындарда, саябақтар мен гүлзарларда тазалық жұмыстары жүргізілді.
Өткізілген іс-шара бұрынғы салық, кеден және қаржы полиция органдары қызметкерлері арасынан жаңадан құрылған мемлекеттік кірістер органының ұжымының ішінде өз-ара қарым-қатынасты нығайтуына ықпал етті және Департамент мұражайын жаңа мәліметтермен толтыруға мүмкіндік берді.
Бұл іс-шара қаламызды таза ұстап, тазалықты сақтауда барлығына үлгі бола тұра, еңбек және экологиялық мәдениетке тәрбиелеу үшін шақырады, сонымен қатар, қала тұрғындары алдымыздағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығы мен Қазақ хандығының құрылғанына 550-жылдығын тазалықта мерекелеу үшін жағдай жасауға бағытталған.
ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті