Date of publication: 02.02.2023 17:55
Date of changing: 02.02.2023 17:57
2023 жылдың 02 ақпанында Түркістан облысының Түркістан қаласында (Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер депратаментінің ғимаратында) «Жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заңды түсіндіру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің бастамасымен Түркістан облысының тұрғындарына арналған семинар-кездесу өтті.
 
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық мәселелері ҚР ҚМ МКК басқармалары мен оқу орталығының басшыларымен жан-жақты қамтылды.
Кездесуге қала азаматтарымен қатар БАҚ өкілдері, заңгерлер, оның ішінде заң палаталарының өкілдері, бухгалтерлер және басқа ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
 
Іс-шарада үлкен пікірталастар мен кері байланыс болды, сонымен қатар өтініш берудің әр түрлі жағдайлары қарастырылып, банкроттық процесінің барлық аспектілері ашылды. Бұл аншлаг банкроттық тақырыбының өзектілігін көрсетеді.