Date of publication: 05.12.2022 16:07
Date of changing: 05.12.2022 16:10

Баспасөз – түйіндеме
_______________________________
 Түркістан облысы Мемлекеттік кірістер департаменті, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына барып,заңды тұлғалар және кәсіпкерлермен бірге 07.06.2022 жылы сағат 11-00де семинар өткізді.
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің әр басқарманың басшылары өз жұмыстары туралы баяндамаларын түсіндіріп және«E-Salyq Azamat», «E-Salyq Business», «SalyqBot» , Азаматтық бақылау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп өтті.
Салық заңнамасындағы нормаларды, өзгерістермен таныстыра отырып, барлық түсініксіз баптар салық төлеушінің пайдасына шешіліп және салықтық дауларды әділ қарауға мүмкіндік бермек. Алдағы уақытта Түркістан облысы Мемлекеттік кірістер департаменті және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тарапынан осындай семинарлар тұрақты түрде ұйымдастырылады.