Date of publication: 17.06.2022 18:08
Date of changing: 17.06.2022 18:10

Түркістан облысы Мемлекеттік кірістер департаменті және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бірлесіп,  16.06.2022 жылы сағат 11-00де Түркістан облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының ғимаратында шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі тақырыбында семинар өткізді.   

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Жанат Аманбаева  және Өңдірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Көкенов Мейрамбек семинарға қатысушыларға шаруа және фермер қожалықтары қызметіне қатысты салық жүйесінде орын алған жаңашылдықтармен таныстырып өтті. Мемлекеттік кірістер басқармасының басшылары «E-Salyq Azamat», «E-Salyq Business», «SalyqBot» , Азаматтық бақылау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп өтті.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп осындай семинарларды ұйымдастырудағы мақсат - шаруаларға салық жүйесінің қолданыста оңай, түсінікті болуы. Әркеттегі салық заңнамасындағы нормаларды, өзгерістермен таныстыра отырып, барлық түсініксіз баптар салық төлеушінің пайдасына шешіліп және салықтық дауларды әділ қарауға мүмкіндік бермек. Алдағы уақытта Түркістан облысы Мемлекеттік кірістер департаменті және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тарапынан осындай семинарлар тұрақты түрде ұйымдастырылады.