Date of publication: 07.06.2022 17:07
Date of changing: 07.06.2022 17:08

2022 жылдың 07 маусымында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің үлкен мәжіліс залында«Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, қызметтік этика нормаларын қамтамасыз ету, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзудың алдын-алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі-Ануар Ерғалиұлы Қалиясовтың Түркістан облысының мемлекеттік органдары  қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Мәжілісте қызметтік этика нормаларын Мемлекеттік қызмет туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау бойынша түсініктемелер берілді.