Date of publication: 29.04.2022 15:37
Date of changing: 29.04.2022 15:40

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмысын қортындылады

   

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2022 жылдың 1-тоқсаны қорытындысымен жыл соңына дейінгі жоспарлы жұмыстарына арналған алқа мәжілісі өтті.

Жиынға Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Д.Н.Нұрмолдин және басшының орынбасарлары, Департаменттің басқарма басшылары, сонымен қатар, аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының, кеден бекеттерінің  басшылары  қатысты. 

Жиынды Департамент басшысы Д.Н.Нұрмолдин ашып, қатысушыларды күн тәртібімен танысытырып өтті. Әрі қарай, Департамент басшысының орынбасарлары Е.Елшібеков, Е.Мырзатаев және М.Абдрахманов жетекші ететін салалары бойынша а.ж. 1-тоқсанында жеткізілген жетістіктер мен жұмыс барысында орын алған мәселелерге тоқталды.

Атап айтқанда, жиын барысында, болжамдық көрсеткіштердің орындалуы, қосымша резервтерді іздестіру бойынша атқарылған жұмыс, мемлекеттік қызметтерді көрсету бағытындағы мәселелер, салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижелері, кеден саласындағы мәселелер талқыланып, аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметіне бағалау жүргізіліп, өзекті мәселелерді шешу жолдары белгіленді.

Болжамдық көрсеткіштердің орындалуына тоқтала келе, Түркістан облысы бойынша салықтық түсімдердің 2022 жылдың 1-тоқсанына бекітілген мемлекеттік бюджет жоспары 129,4% орындалғаны аталып өтті. Жоспар 77 784 млн. теңге болса, нақты түскені 83 282 млн. теңгені құрап, 5 497 млн. теңгеге артық түсімдер қамтамасыз етілді. Республикалық бюджеттің жоспары – 54 517 млн. теңге, нақты түскені 55 649 млн. теңге, жоспар 102,1% немесе 1 133 млн. теңгеге артық орындалды, және де, өткен жылмен салыстырғанда, өсу қарқыны 127,2% құрады, жергілікті бюджеттің жоспары – 23 268 млн. теңге, нақты түскені  27 632 млн. теңге, жоспардың орындалуы 118,8% немесе 4 364 млн. теңгеге артық, өсу қарқыны 134,1%-ды құрады.

Сонымен қатар, қазіргі технологиялар жедел дамып жатқан заманға сай, салық төлеушілердің  салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін жеңілдетуге арналған e-Salyq Buziness, e-Salyq Azamat мобилді қосымшалары мен @SalyqBot чатты қолдану арқылы салық төлеушілердің заң аясында жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау жолымен, аталған өнімдерге салық төлеушілер тарапынан қызығушылық таныту бағытынтағы жұмыстардың жандандырылуына назар аударылды. 

Күн тәртібіне сәйкес, Департаменттің аудандық құрылымдары басшыларының есебі тыңдалып, жұмыс барысында орын алған кемшіліктер мен олқылықтарға жол бермеу үшін аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына және кеден бекеттеріне міндеттер жүктелді. 

Сондай ақ, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, Әдеп кодексін талаптарын, қызметтік әдепті қатаң сақтау бойынша жұмысты жандандыру  үшін тиісті іс шаралар жүргізу қажеттігіне басшылардың назарын аудартты. 

Алқа отырысының қорытындысы бойынша басшылық тарапынан Департаменттің басқармаларына және аумақтық құрылымдарына алдағы кезеңге жоспарланған іс-шараларды уақытылы және сапалы орындау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Жиын соңында, Департамент басшысы Д.Нұрмолдин жиынға қатысуышларды келе жатқан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тіледі.

 

  Түркістан облысы бойынша

                                                                                                                                                                                                                                                                                                   Мемлекеттік кірістер департаменті