
«Атамекен» кеден бекететінен өтпек болған заңсыз тауарлар ұсталды, деп хабарлайдыТүркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.
Өзбекстан азаматтары Қазақстаннан 5 ИВЛ аппараттарын шекарадан алып өтпек болған. Олар медициналық жабдықты үш жүк көліктерімен әкелген.
Мақтаарал аудандық прокуратурасының қызметкерлері, «Атамекен» кеден бекетінің және Жетісай ВЧ-2037 ОКП шекараның қызметкерлерімен бірлесе жедел іс-шаралар жүргізу нәтижесінде заңсыз тауардың жолы кесілді.
Сонымен қатар, «Б.Қонысбаев» кеден бекетінде кеденшілер ҚР ҰҚК шекара қызметкерлерімен бірлесіп, салмағы 1 грамм есірткеге ұқсас зат салынғансөмкесі бар Қазақстан азаматын ұстады. Ол кісіӨзбекстаннан келе жатқан болатын.
Бұл фактілер бойынша барлық материалдар тергеу іс-шараларын жүргізу үшін құқық қорғау органдарына өткізілді.