Жарияланған күні: 02.04.2020 10:25
Өзгертілген күні: 02.04.2020 10:28

"Салық төлеуші кабинеті" web-қосымшасында NCALayer БҚ-ға ауысу

   

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінің құрметті пайдаланушылары!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) 2020 жылғы 29 наурызда «Салықтөлеуші кабинеті» web-қосымшасында NCALayer. БҚ-ге өту бөлігінде жаңарту жасалғаны туралы мәліметтейді.

Егер сіздің компьютеріңізде NCALayer БҚ орнатылған және қосулы болса, сізге оның қайта қосуын жасау қажет:

  1. Экраның төменгі оң жақ бұрышында NCALayer белгішесіне тінтуірдің оң жақ батырамсын басып «Шығу»-ды таңдаңыз.

         

  1. NCALayer қайта қосу, NCALayer орнатқаннан кейін және қосқаннан кейін NCALayer белгішесіне тінтуірдің оң жақ батырмасымен басып «Модульдермен басқару»-ды таңдаңыз.

       

  1. Ашылған модульдер тізімінен «СТК модулі» таңдаңыз және «Модульді бекіту» батырмасын басыңыз.

 

Егер сіздің NCALayer орнатылмаған жағдайда, сізге:

  1. ҚР ҰКО сайтынан http://pki.gov.kz/index.php/ru/ncalayer қондырғылық файлын жүктеу;

 

  1. http://pki.gov.kz/index.php/ru/ncalayer сайтында орналыстырылған NCALayer пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуын жасау.

 

  1. NCALayer орнатқаннан кейін және қосқаннан кейін NCALayer белгішесіне тінтуірдің оң жақ батырмасымен басып «Модульдермен басқару»-ды таңдау.

        

  1. Ашылған модульдер тізімінен «СТК модулі» таңдау және «Модульді бекіту» батырмасын басу қажет.

 

Назар аудараңыз! «Салықтөлеуші кабинеті» web-қосымшасымен әр жұмыс жасау алдында NCALayer қосымшасын қосу қажет.