Жарияланған күні: 15.02.2018 17:30
Өзгертілген күні: 15.02.2018 17:51

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (әрі қарай-Кодекс) күшіне енді.

Кодексте кеден маңы инфрақұрылымының тұлғаларын кедендік әкімшілендіру аясында бірқатар жаңа тәртіптер бекітілген.

Кодекстің кеден ісі саласындағы тұлғалардың қызметтерін реттейтін ережелері Кодекстің 7 бөлімінде айқындалған.

Кеден ісі саласындағы тұлғалар қызметінің ерекшеліктері кеден органдарымен бақыланатын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасымен реттелетін кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймаларының иелері, кеден қоймаларының иелері, еркін қоймалардың иелері және бажсыз сауда дүкендерінің иелері ретінде қызметтер көрсетумен байланысты тұлғалардың қызметтері болып табылады.

Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарттары айтарлықтар өзгерген.

Кеден өкілінің міндеттерін орындауды қамтамасыз етудің мөлшері екі есеге төмендетілген.

Бұдан басқа, «экспорттаушы-кеден өкілдері» басқа тауарларға қатысы кедендік операцияларды жүзеге асыруға, сондай-ақ басқа кедендік рәсімдерге орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасауға рұқсат етілмейді, яғни, кеден өкілдерінің тізілімдерін жүргізу барысында, кеден өкілдері екіге бөлінеді: барлық рәсімдер бойынша декларацияларды рәсімдеуші және тек қана «экспорт» кедендік рәсімімен жұмыс жасайтын кеден өкілдері.

Кодекспен кеден өкілдері қызметтерін тоқтата тұру тәжірибесі енгізілген. Аталған норма ұлттық кедендік заңнамада алғаш рет енгізіліп отыр.

Кеден өкілдерінің қызметтері тұлғаның қызметтерін тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылғанға дейін тоқтатылады.

Кодекстегі жаңалықтардың бірі – аумақтық органдармен кедендік тасымалдаушылардың тізілімін жүргізу болып табылады. Яғни, кедендік тасымалдаушылардың тізілімін жүргізу бойынша функция аумақтық Мемлекеттік кірістер департаменттеріне өткізілді.

Кедендік кодекспен ашық типтегі кеден қоймасының бір бөлігі уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізусіз уақытша сақтау қойма ретінде қолдануға рұқсат етілген.

Бұл жағдайда, мұндай бөліктер кеден қоймасының басқа аумағынан оқшаулануға тиіс.

Сонымен қатар, Кодекспен Уәкілетті экономикалық операторлар (УЭО) институты дамуының жаңа моделі қалыптастырылды.

УЭО дегеніміз – бұл, тізілімге енгізілген және тәуекелдің төмен деңгейлі санатына жатқызылған заңды тұлға.

УЭО куәліктерінің типтері бойынша санаттау тұрғысы қабылданған.

Тізілімге енгізу кезінде, заңды тұлғаға УЭО тізіліміне енгізілгені туралы куәлік пен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында қолданылатын арнайы жеңілдіктерді қолдануға құқық беріледі.

УЭО куәлігі үш типке бөліген: бірінші, екінші және үшінші.

1 типтегі куәлік УЭО-ға ЕАЭО аумағында қолдануға мүмкіндік беретін тауарларды тасымалдауға қатысты жеңілдіктер ұсынылады.

2 типтегі куәлік УЭО-ға Қазақстан аумағында тауарларды декларациялауға және уақытша сақтаумен байланысты жеңілдіктер ұсынылады.

Ал, 3 типтегі куәлік УЭО-ға 1 және 2 типтердегі жеңілдіктер кешені ұсынылады.

Жалпылай алғанда, барлық жаңалықтар мен жеңілдіктер тауар айналымын ұлғайтуға, сондай-ақ бизнес-қауымдастық үшін ыңғайлы ортаны қалыптастыруға бағытталған.

 

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Шымкент қ., Б.Момышұлы к/сі

Тел:8/7252/56-25-61