Жарияланған күні: 16.09.2024 17:38
Өзгертілген күні: 16.09.2024 17:41

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп бақылау-касса машиналарының фискалдық чектерін беруді ынталандыру бойынша «Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал» акциясын өткізілетінін хабарлайды, акцияны өткізу кезеңі 2024 жылғы 4 қыркүйектен 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Акция кезінде Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон және басқа да бағалы сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді «Amian» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектері қатысады.

Акцияны өткізудің мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.