
Бүгін Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қызметтік тергеу бөлімінің қызметкері Ж.Байғұттың қатысуымен "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарын" әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде, соның ішінде Бизнес-қоғамдастықтармен семинар өтті. Аталған жиынға Басқарма басшысы Т.Алиев және ақпараттық қолдау мақсатта “ELNUR” телеарнасының тілшісі қатысты.
Сонымен қатар, Сайрам ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерімен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тұрақты түрде күшейту бойынша кеңесі өтті.
Түркістан облысы бойынша МКД
Баспасөз қызметі
07.06.2022