
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі жиыны Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі-Департамент) Үлкен мәжіліс залында өтті.
Аталған жиынға Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшы орынбасарлары Еркін Елшібеков, Мұрат Абдрахманов және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшы орынбасары Дәулет Нарымбетов, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Дархан Аманбай және департаменттің қызметкерлері қатысты.
Баспасөз – релиз
Түркістан облысы бойынша МКД