Жарияланған күні: 12.06.2019 18:36
Өзгертілген күні: 12.06.2019 18:37

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 96-бабына мынадай өзгерістер енгізілгеніне назар аударады:

камералдық бақылау нәтижелерi бойынша хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімнің нысаны және оны шығару мерзімдері белгіленді;

салық төлеушіге (салық агентіне) камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімге шағымдану құқығы берілді;

ақылға қонымды себеппен шағымға өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру салық төлеушінің өтініш беру құқығын берді;

шағымды қарау кезінде шешім қабылданғанға дейін камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімге шағым берген кезде салық төлеушінің (салық агенті) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімінің әрекет етуі тоқтатылды

камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімге шағымды беру (жоғары тұрған салық органы және (немесе) уәкілетті орган немесе сотқа) және қарау кезеңінде салық органымен жоспардан тыс салықтық тексеріс тағайындау тоқтатылды.

 

 

Түркістан облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті.