Жарияланған күні: 12.07.2019 11:57
Өзгертілген күні: 12.07.2019 12:02

2019 жылдың 1-мамырынан бастап Қазақстан Республикасында «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясы өткізілуде.  

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! Кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алуға мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін, Сізге бар болғаны «Таңдау» мобильдік қосымшасында деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектерін (Онлайн БКМ) тіркеу қажет.

Сіз акцияға қатысу арқылы, чек талап етіп, тауар тұтынушы ретінде және қызмет алуда өз мүддеңізді құқықтық қорғай отырып, көлеңкелі экономикаға бірлесе күресуге үлесіңізді қосасыз және жүлдегер болуыңызға мүмкіндік бар.

Қатысушылар арасында акция кезінде күнделікті бағалы сыйлық iPhone 7 смартфоны ойнатылады және бүгінге қазақстандық 72 тұрғын жүлдегер атанды.

Сондықтан, барлықтарыңызды аталған акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Қатысушы және чек туралы мәліметтерді тіркейтін «Таңдау» тегін мобильді қосымшасы App Store, Google Play market-те қолжетімді.

Акцияның толық шарттарын және қосымшамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты www.trebui.kz сайтынан көруге болады.

Түркістан облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті